Алматыдан 257 шақырым қашықтықта жер сілкінді


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2019 жылдың 13 тамызында 13 сағат 21 минут 07 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 9.2. MPV тербелісі – 3.7. Тереңдігі 10 км. Сезілуі туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) ақпарат жоқ.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almatydan-257-shakyrym-kashyktykta-zher-silkindi_a3556072”