ТЖД алматылықтарға көпқабатты ғимараттарға жақындамауға кеңес берді


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Бүгін Алматыда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы ықтимал. Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түнде ауа температурасының төмендеуіне байланысты көктайғақ болуы мүмкін. Сол себепті басқарма өкілдері жүргізушілерге автокөліктер арасындағы қашықтықты ұлғайтып, жылдамдықты асырмауға кеңес береді.

«Жаяу жүргіншілерден де тротуарларда абай болуын, биік ғимараттарға жақындамауын сұраймыз. Жауған қарды тазалауға 860 техника мен 1320 жұмысшы жұмылдырылатын болады», — делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті күннің жылынуына байланысты 9-13ақпан күндері қардың еруі, мұз көбесінің сөгілуі және су деңгейінің көтерілуі мүмкіндігін ескерткен болатын.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/tzhd-almatylyktarga-kopkabatty-gimarattarga-zhakyndamauga-kenes-berdi_a3497204”